11 «Ә» сынып ата-аналарымен өткен жиналыс » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

18
сентябрь
2025

11 «Ә» сынып ата-аналарымен өткен жиналыс

Мектебімізде 18 қыркүйек күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс өтті. Бұл кездесудің мақсаты – бітіруші сынып оқушыларының алдағы емтихандарға дайындық кезеңінде ата-аналардың қолдауын күшейту, олардың эмоционалды жағдайына назар аудару және мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектесу.

Жиналыс барысында:

  • ЕНТ мен қорытынды емтихандарға дайындық кезінде кездесетін психологиялық қиындықтар талқыланды;
  • Мазасыздықты жеңілдетуге арналған тиімді әдістер мен ата-ана тарапынан қолдау түрлері ұсынылды;
  • Мамандық таңдау кезінде оқушының қызығушылығы, қабілеті және еңбек нарығы талаптарын ескерудің маңызы айтылды;
  • Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас табысты нәтижеге жетудің басты кепілі екені атап өтілді.

Кездесу жылы атмосферада өтіп, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Мұндай шаралар оқушылардың болашаққа сенімді қадам жасауына және ата-аналардың бағыттаушы рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Калиева Ж.Б.