Ата-аналардың тәрбие ісі мәселелері бойынша мектеппен бірлесіп жұмысының жылдық есебі
№17 жалпы орта білім беретін мектептің
Ата-аналардың тәрбие ісі мәселелері бойынша мектеппен бірлесіп
жұмысының жылдық есебі
2023-2024 оқу жылы
Қайырымдылық шараларына қатысуы | Мәдени іс- шараларға қатысуы | Спорттық іс- шараларға қатысуы | Шеберлік сағаттар өткізуі | Ата-аналар жиналысына қатысуы |
«Мектепке жол», «Қамқорлық» Акциясы «Даналық мектебі» клубы аясындағы кездесулер «Құқықбұзушылықтың алдын алу» форумы «Шеберлік сыныптар» | «Екі жұлдыз» өнер байқауы «Бастауышпен қоштасу» «Аналар күні» «Жыл басы-Наурыз» | «Әкем шешем және мен» «Қазақтың ұлттық ойындары» | «Бәрі отбасынан басталады» психологиялық тренинг, «Буллинг, кибербуллинг түсініктері», «Жұлдыздарды бірге жағайық» | «Отбасы-бақыт мекені», «Ата-ана- баланың бас ұстазы», «Интернетке тәуелділіктің алдын алу» тақырыптарына өтті |
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп дана халқымыз айтқандай, баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен жанұя жағдайы, онда қалыптасқан оң моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата — аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсатта әртүрлі болуы мүмкін. Сынып жетекшісінің отбасына баруы, ата — аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым — қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата — аналардың нені қадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Мектебіміздің әлеуметтік педагогы Базарова Н.С. және сынып жетекшілері әр оқушының үй-жайымен танысып, акті жасап отырады, әсіресе әлеуметтік осал топ мүшелері үнемі бақылауда болады.
Ата-аналарды мектеп өміріне тарту, мектеп пен ата-ана ынтымағын арттыру мақсатында бірталай іс-шаралар өтілді. Облыстық «Парасатты отбасы» байқауында 4 Ә сынып оқушысы Шаяхметова Кәусардың отбасы жүлделі орынға ие болды.
Ата-аналар жиналысы
Мектебімізде әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізіліп отырады. Жиналысқа сынып жетекшісі ғана емес, мектеп психологтары, тәрбие ісінің меңгерушілері, қоғамдық орталықтар мүшелері, заң органдарының өкілдері де қатысып отырады.
Ата-аналармен дәстүрлі түрдегі жиналыстармен қатар жаңа форматтағы іс-шаралар арқылы да ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту жұмыстары жүргізілуде. 9 қараша күні 3 А сыныбында өткен «Жағымды пікір қалдырыңыз» челленджі, 4 а сыныбында «Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыс» атты диалогтік алаң ұйымдастырылды.
І тоқсан қорытындысы бойынша барлық сыныпта «Тәрбие негізі- ұлттық құндылықта», «Үштік одақ. Ата-ана, мектеп, оқушы», «Жақсы бала-ата-ана қуанышы»тақырыптарында ата-аналар жиналысы болды. Күн тәртібінде 1-тоқсанның қорытындысы және мектептің ішкі тәртіп Ережелерінің орындалуы , оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі қарастырылды.
https://www.instagram.com/p/CzwGB1JtDYq/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/CzwGtQBNmvQ/?hl=ru&img_index=1
https://www.instagram.com/p/CzweS-2t3Fp/?hl=ru&img_index=1
https://www.instagram.com/p/Czx0G-ZtrFd/?hl=ru
2023 жылдың 22 желтоқсанында «№17 ЖОББМ» КММ өткен жалпы ата-аналар жиналысының күн тәртібіне орай Семей қ. №5 Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныстың аға лейтенанты С. Т. Мақатаев ата-аналармен «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жылыту маусымындағы жер үйдегі пеш жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы дәріс оқып, жаднамалар таратты. Сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқушылармен жаңа жылдық мерекелердегі өрт қауіпсіздігі туралы әңгімелер жүргізді.https://www.instagram.com/p/C1Q4IIpIRhb/?hl=ru&img_index=1
https://www.instagram.com/p/C2qwyzHC2G7/?hl=ru
«Көңілді үзіліс» жобасы барысында, мектеп оқушылары арасында «Асық ойыны» және сергіту сәті өткізілді.
Мақсаты: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.
Жетекші: Қалибекова А.Б. Амерханова А.Д.https://www.instagram.com/p/C2hxokXN_x-/?hl=ru&img_index=1