«Стоп буллинг» тақырыбында психологиялық тренинг 9 «Б» сынып оқушыларымен
2025 жылдың 19 ақпан күні 9 «Б» сыныбының оқушыларының қатысуымен «Стоп буллинг» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Шараның мақсаты — оқушылар арасында буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту және бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Тренинг барысында оқушылар буллинг ұғымымен танысып, оның түрлері мен зардаптары туралы мағлұмат алды. Түрлі ойындар, топтық жұмыстар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы олар өзара қарым-қатынас жасаудың дұрыс жолдарын үйренді. Сондай-ақ, буллинг жағдайында қалай әрекет ету керек екені және көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, пікір алмасты. Шара соңында қатысушылар буллингке қарсы тұрудың маңыздылығын түсініп, бір-бірін қолдауға және сыйлауға дайын екендіктерін білдірді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Шаяхметова К.Ж.
