«Менің көңіл күйім» тақырыбында арт-терапиялық тренинг 9 «А» сынып оқушыларымен » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Менің көңіл күйім» тақырыбында арт-терапиялық тренинг 9 «А» сынып оқушыларымен
07
март
2025

«Менің көңіл күйім» тақырыбында арт-терапиялық тренинг 9 «А» сынып оқушыларымен

7 наурыз күні 9 «А» сынып оқушыларының өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында «Менің көңіл күйім» тақырыбында арт-терапиялық тренинг ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар шығармашылық әдістерді пайдалана отырып, өз эмоцияларын білдіруге, ішкі күйзелістерін жеңілдетуге және өз-өзіне деген сенімділікті нығайтуға мүмкіндік алды.

Тренинг барысында оқушылар шығармашылық жұмыстар арқылы өз эмоцияларын еркін жеткізуге, өзін-өзі тануға және ішкі сенімділікті нығайтуға бағытталған түрлі практикалық тапсырмаларды орындады. Арт-терапия құралдарын қолдану оқушылардың психологиялық жай-күйіне оң әсер етіп, олардың өзін-өзі бағалауын жоғарылатуға ықпал етті.

Тренингтің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің тұлғалық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында жауапкершілік пен сенімді мінез-құлық қалыптастыру болды.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Ныгыманбекова К.М.