«Жасөспірімдік кезең: сенімді қарым-қатынасты сақтау жолдары» атты ата-аналар жиналысы
3 қыркүйек күні мектебімізде психологтың ұйымдастыруымен «Жасөспірімдік кезең: сенімді қарым-қатынасты сақтау жолдары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесудің мақсаты-ата-аналарға жасөспірімдердің психоэмоционалдық дамуының ерекшеліктерін түсінуге көмектесу, қабылдау мен сенімге негізделген диалог құруға үйрету, ата-аналардың уайымшылдығы мен балалармен қарым-қатынастағы қақтығыстарын төмендету болды.
Психолог жиналыс барысында жасөспірімдік кезеңдегі балалардың эмоционалдық тұрақсыздығы, өзіндік көзқарас қалыптастыру ерекшеліктері жайлы мәлімет беріп, ата-аналарға практикалық кеңестер ұсынды. Сонымен қатар сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары талқыланып, пікір алмасу жүргізілді.
Жиналыс ата-аналардың белсенді қатысуымен жылы әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар бала тәрбиесінде сенім мен түсіністікті арттырудың маңызы зор екенін атап өтті.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.