«Мұғалім – мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» тақырыбындағы психологиялық тренинг
Бүгін мектеп ұжымында «Мұғалім – мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымды эмоциялар сыйлау және жұмыс барысында жинақталған шаршауды жеңілдету болды.
Іс-шара барысында педагогтер түрлі психологиялық және сергіту жаттығуларына қатысып, бір-бірін жақсырақ танып, ұжымдық ынтымақтастықты арттырды. Тренинг кезеңдері «Маған жету қайда» танысу жаттығуы мен «Актерлар мектебіне кастинг» шығармашылық тапсырмасын қамтыды. Әр қатысушы өз ойымен, әсерімен бөлісіп, жағымды көңіл-күйде тарасты.
Тренинг соңында қатысушылар кәсіби қарым-қатынастың маңыздылығын, өзара қолдаудың және позитивті орта қалыптастырудың ұстаз еңбегіндегі рөлін атап өтті.
Осындай шаралар мұғалімдердің рухани сергіп, шығармашылық әлеуетін арттыруға зор әсер етеді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.

