13
ноябрь
2025
6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті
13 қараша күні 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Достасайық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты – оқушылар арасындағы шын достықты нығайту, бір-бірін тереңірек танып-білуге жағдай жасау, сондай-ақ сыныпта эмоциялық жағымды атмосфера қалыптастыру болды.
Бұл кездесуде әр оқушы өз ойын ашық білдіріп, шығармашылық қабілетін көрсете алды.
Жаттығулар барысында балалар:
- бір-біріне сенім артуға үйренді;
- өзара түсіністік пен сыйластықты сезінді;
- ортақ жұмыс арқылы топтық бірлікті күшейтті;
- сынып ішінде жылы, қолдаушы атмосфера қалыптастырды.
Тренинг оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың көңіл-күйін көтеріп, сынып ұжымының бұрынғыдан да жақынырақ, ұйымшыл болуына ықпал етті.
Біз бірге – мықтымыз! Бірлік бар жерде – достық, ал достық бар жерде – шынайы даму бар!
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Манабова А.К.

