5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті
21
ноябрь
2025

5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті

21 қараша күні 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тақырыбында психологиялық бейімдеу тренингі өткізілді.

Тренингтің мақсаты – оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде туындайтын эмоциялық, әлеуметтік және танымдық өзгерістерге психологиялық қолдау көрсету, олардың жаңа ортаға сәтті бейімделу ресурстарын күшейту.

Психологиялық міндеттері:

  • Баланың «орта буын оқушысы» ретіндегі жаңа әлеуметтік рөлін қабылдауына мүмкіндік беру;
  • Өзіндік бағалауды, өзін-өзі тануды, ішкі мотивацияны күшейту;
  • Құрдастарымен өзара түсіністік, сенімді қарым-қатынас және әлеуметтік үйлесімділік қалыптастыру;
  • Жетістікке жету мотивациясын дамыту және тұлғалық әлеуетін қолдау.

Тренинг құрылымы:

  1. «Өзіңді мақта!» – өзін-өзі қабылдау, позитивті Мен-тұжырымды орнатуға бағытталған танысу жаттығуы.
  2. «Орнымызды ауыстырамыз» – топішілік байланыстарды күшейтетін, эмоционалдық серпілуге ықпал ететін динамикалық ойын.
  3. Топтық ереже құру – қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыруға бағытталған келісім кезеңі.
  4. «Сөйлемді жалғастыр» - оқушылардың ішкі күйін, ойлау ерекшеліктерін және өзіндік рефлексиясын анықтауға көмектесетін проективті тапсырма.
  5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» – тұлғалық қасиеттерді тануға, өзіндік рефлексияны дамытуға арналған жеке-жеке орындалатын жұмыс.
  6. «Мен үшін не маңызды?» – оқушының құндылықтар жүйесін айқындауға бағытталған психологиялық жаттығу.

Тренинг барысында оқушылар ашықтық, қызығушылық және белсенділік танытты. Тұлғааралық қатынастарда өзара қолдау, сенім, достыққа ұмтылу байқалды. Оқушылар жаңа оқу кезеңінің талаптарын түсініп, өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алды. Эмоциялық ахуал жағымды болып, өзін-өзі тану мен өзіндік бағалауды қолдауға бағытталған тапсырмалар балалардың дербестігін, жауапкершілігін және бейімделу дағдыларын нығайтты.

Тренинг 5-сынып оқушыларының орта буынға өту кезеңіндегі психологиялық бейімделуін жақсартуға, олардың тұлғалық ресурстарын күшейтуге оң ықпал етті.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

        Сынып жетекші Жумабекова А.З.