9 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

26
сентябрь
2025

9 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 26 қыркүйек күні ерекше мазмұнды ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу тақырыбы – «Мамандық таңдауда ата-ана қолдауы».

Болашақ мамандық – әрбір жасөспірімнің өмірлік жолындағы маңызды таңдау. Бұл жолда ата-ананың қолдауы мен бағыт-бағдары – бала үшін ең үлкен күш-қуат пен сенімнің қайнар көзі. Жиналыс барысында психолог ата-аналарға баланың қызығушылықтары мен қабілеттерін тану, олардың арманын қолдау және дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасау жолдарын атап өтті.

Пікірталас кезінде ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балаларының болашағына сенім арту – нағыз мотивация екендігін ерекше атап өтті. Әрбір ата-ана үшін басты міндет – баласына сеніп, қолдау көрсету екені тағы да айқындалды.

Бұл жиын ата-аналардың бір-бірінен үйренуіне, балаларына шабыт сыйлай білуіне және олардың арманын жүзеге асыруға серік болуына жол ашты.

Мамандық таңдау – тек қана баланың емес, бүкіл отбасының ортақ қадамы. Ал ата-ананың сенімі – баланың болашағына жасалған ең үлкен инвестиция!

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Советова М.С.