4-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

11
сентябрь
2025

4-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс

11 қыркүйек 2025 жылы «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» сессиясы аясында 4-сынып оқушыларының ата-аналары «Сенімділік қалыптастырамыз: баланы оқу процесінде қалай қолдауға болады» тақырыбында өткен кездесуде бас қосты.

Бұл басқосудың басты мақсаты – ата-аналарға баланың сенімділігін нығайту, қателіктен қорықпауға үйрету және отбасындағы жылы қарым-қатынастың маңызын еске салу болды.

Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларын ашық айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, бір-бірінен қолдау тапты. Баланың оқу процесінде кішкентай жетістіктерін бағалау, оны қуанту, қателіктерін жазғырмай, қайта шабыт беру – әрбір ата-ана үшін маңызды екені ерекше атап өтілді.

Жылы атмосферада өткен бұл кездесу ата-аналарға күш-қуат беріп, балаларын оқу жолында сеніммен жетелеу үшін жаңа көзқарас сыйлады.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекшілер: Байтуганова А., Оразғали А., Сапакова К.А.