11-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

11
сентябрь
2025

11-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс

2025 жылдың 11 қыркүйегінде мектебімізде 11-сынып ата-аналары «Маңызды кезеңде жанында болу: мазасыздық, емтихандар, мамандық таңдау» тақырыбында өткен психологиялық жиналыста бас қосты.

Бұл кездесу – түлектеріміздің өміріндегі аса жауапты кезеңде ата-аналарға қолдау көрсетуге бағытталды. Мектеп психологі ата-аналарға баланың емтихан алдындағы қобалжуын жеңілдетудің қарапайым әрі тиімді жолдарын ұсынды. Сонымен бірге, мамандық таңдау кезінде әрбір жасөспірімнің жеке қабілеті мен қызығушылығына сүйенудің маңыздылығы ерекше аталып өтті.

Жиналыс барысында ата-аналар балаларына сенім арту, жылы сөз айту, әрбір жетістігін бағалай білу – олардың алдағы қадамдарына күш беретінін сезінді. Өйткені, дәл осы кезеңде ата-ананың жанында болуы – ең үлкен мотивация мен тірек.

Кездесу соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибелік кеңестер алды. Психолог ата-аналарды: «Балаңызға сеніңіз, жанынан табылыңыз, қолдаңыз – ол үшін бұл ең үлкен күш пен шабыттың көзі болады» – деген оймен жігерлендірді.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Бужикенова М.Р.