Ата-аналар жиналысы: «Сенімділік қалыптастырамыз: баланы оқу процесінде қалай қолдауға болады»
12 қыркүйек күні 2-3 сынып оқушыларының ата-аналарымен маңызды тақырыпқа арналған жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарға бастауыш сынып оқушыларының сенімділігі мен өзін-өзі бағалауына әсер ететін негізгі факторларды түсіндіру, оқу барысында баланы қолдаудың тиімді жолдарын көрсету болды.
Психолог ата-аналарға баланың оқу процесінде қателікке жол беруін қорқыныш емес, тәжірибе жинақтау мүмкіндігі ретінде қабылдаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, үйдегі эмоционалдық қолдаудың, жылы сөз бен сенім білдірудің баланың тұлғалық дамуына ықпалы ерекше екендігі айтылды. Жиналыс барысында мынадай мәселелер қозғалды:
- Қателік жасаудан қорықпау – баланың үйрену процесінің табиғи бөлігі екендігі;
- Баланы үнемі салыстырмау, керісінше оның жеке жетістіктерін бағалау;
- Қолдау көрсету жолдары: жылы қарым-қатынас, шыдамдылық пен ынталандыру;
- Отбасындағы эмоционалдық байланысты нығайту арқылы оқу процесін жеңілдету.
Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, психологтан жеке кеңес алды. Мұндай кездесулер ата-аналарға баласының тұлғалық дамуына оң әсер етуге көмектесіп қана қоймай, мектеп пен отбасының өзара серіктестігін нығайта түседі.
Сенімділікке тәрбиеленген бала – болашақта табысты, өзіне сенген тұлға болып қалыптасады.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекшілер: Рахимжанова А.А., Бейсембаева А.Б.
Кунафина Ж.С., Абжанова Ж.М.
Байтуганова А.А, Ахатова З.С.