9-сынып ата-аналарымен өткен жиналыс
12 қыркүйек күні мектебімізде 9-сынып ата-аналары үшін «Маңызды кезеңде жанында болу: мазасыздық, емтихандар, мамандық таңдау» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиынның мақсаты – ата-аналарды жасөспірімдердің өміріндегі жауапты кезеңдерде психоэмоционалдық қолдаудың маңыздылығымен таныстыру, емтиханға дайындық барысындағы мазасыздықты азайту жолдарын талқылау және мамандық таңдауда балаға дұрыс бағыт-бағдар берудің тиімді тәсілдерін көрсету болды.
Кездесу барысында ата-аналарға баланың ішкі күйзелісін түсінудің, жылы қарым-қатынас орнатудың, қолдау білдірудің рөлі жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ практикалық кеңестер ұсынылып, ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Жиналыс ата-аналардың балаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін және мектеп пен отбасының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Барлыбаева К.А.
