18
сентябрь
2025
11 «Ә» сынып ата-аналарымен өткен жиналыс
Мектебімізде 18 қыркүйек күні 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс өтті. Бұл кездесудің мақсаты – бітіруші сынып оқушыларының алдағы емтихандарға дайындық кезеңінде ата-аналардың қолдауын күшейту, олардың эмоционалды жағдайына назар аудару және мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектесу.
Жиналыс барысында:
- ҰБТ мен қорытынды емтихандарға дайындық кезінде кездесетін психологиялық қиындықтар талқыланды;
- Мазасыздықты жеңілдетуге арналған тиімді әдістер мен ата-ана тарапынан қолдау түрлері ұсынылды;
- Мамандық таңдау кезінде оқушының қызығушылығы, қабілеті және еңбек нарығы талаптарын ескерудің маңызы айтылды;
- Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас табысты нәтижеге жетудің басты кепілі екені атап өтілді.
Кездесу жылы атмосферада өтіп, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Мұндай шаралар оқушылардың болашаққа сенімді қадам жасауына және ата-аналардың бағыттаушы рөлін нығайтуға ықпал етеді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Калиева Ж.Б.

