9 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылдың 26 қыркүйек күні ерекше мазмұнды ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу тақырыбы – «Мамандық таңдауда ата-ана қолдауы».
Болашақ мамандық – әрбір жасөспірімнің өмірлік жолындағы маңызды таңдау. Бұл жолда ата-ананың қолдауы мен бағыт-бағдары – бала үшін ең үлкен күш-қуат пен сенімнің қайнар көзі. Жиналыс барысында психолог ата-аналарға баланың қызығушылықтары мен қабілеттерін тану, олардың арманын қолдау және дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасау жолдарын атап өтті.
Пікірталас кезінде ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балаларының болашағына сенім арту – нағыз мотивация екендігін ерекше атап өтті. Әрбір ата-ана үшін басты міндет – баласына сеніп, қолдау көрсету екені тағы да айқындалды.
Бұл жиын ата-аналардың бір-бірінен үйренуіне, балаларына шабыт сыйлай білуіне және олардың арманын жүзеге асыруға серік болуына жол ашты.
Мамандық таңдау – тек қана баланың емес, бүкіл отбасының ортақ қадамы. Ал ата-ананың сенімі – баланың болашағына жасалған ең үлкен инвестиция!
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Советова М.С.

